Қазақстанда атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындауды мемлекеттік сот орындаушылар, жеке сот орындаушылар, сондай-ақ жеңілдетілген іс жүргізу шеңберінде «цифрлық» деп аталатын сот орындаушысы жүзеге асырады. Былтыр сот орындаушылардың цифрлық аналогымен қоса алғанда, өндіріп алудың жалпы сомасы 15,5 трлн теңгені құрайтын 10 млн жуық құжат болды. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитетінің төрағасы Махсат Балабеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.