«Бағдарлама бойынша бірінші кезеңде кемінде 10 мың автомобиль берілуі мүмкін, бірақ барлығы орташа чекке байланысты болады. Егер орташа чек былтырғыдай 10 млн теңгеден төмен болса, онда шамамен бағдарлама бойынша 15 мың автомобиль берілуі мүмкін. 2020 жылы қазақстандық зауыттар шамамен 93 мың автомобиль шығарды. Жылдар бойынша айтар болсақ, бұл жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша берілуі мүмкін автомобильдердің шамамен 15%-ы. Сондықтан автомобильдер тапшылығы туралы сөз жоқ. Сонымен қатар, өндірушілер бағдарламаның іске қосылуына дайын болды. Біз жеткілікті көлемді жинай алдық. Биыл өндіріс көлемі шамамен 20% - ға артады деп болжанып отыр және маусым айында дилерлік орталықтарға 9 мыңға жуық автомобиль жеткізілмек. Автомобильдердің бар болуына қатысты проблемалар болмайды: барлығы клиентке айтылған мерзімде жеткізіледі», - деп сендірді спикер.  


Айта кетейік, Chevrolet үлкен сұранысқа ие, екінші орында – Hyundai, одан әрі JAC, KIA, Лада. Автозауыттар өз жоспарлары бойынша жұмыс істейді, бірақ дилерлік орталықтарға апта сайын жеткізу жүзеге асырылады.