Елордаға экскурсия балалар жылы аясында ұйымдастырылды. Жас туристердің алғашқы легі Нұр-Сұлтанда маусым айында болып қайтқан еді. Жақында елордаға тағы да жүз оқушы барды.

№ 37 негізгі мектептің 14 жастағы оқушысы Анель Глинская үшін бұл ел астанасына алғашқы сапары.

– Мен бұрын Нұр-Сұлтанда болмаған едім, сондықтан маған бәрі қызық болды. Әдемі ғимараттар, қаланың өзі таң қалдырды, – дейді Анель Глинская. – Шаһар әсемдігімен еліктіреді. Мен мұнда оралғым келеді.

12 жасар Аслан Нышанбай да шаттығын жасырмады. Ол, Анель сияқты, осыған дейін елордада болмаған екен.

– Мен де № 37 мектепте оқимын. Маған Нұр-Сұлтанда өте ұнады. Әсіресе океанариум, Бәйтерек. Экскурсия ұмытылмас әсер қалдырды. Мен бұрын біздің астанамыздың соншалықты әдемі екенін елестете алмадым, – дейді Аслан.

Экскурсия барысында оқушылар океанариум мен Бәйтеректен басқа балалар ҚР Ұлттық мұражайы мен Ұлттық ғарыш орталығы жанындағы саябаққа барды.

– Тур балаларға ұмытылмас сәттер мен жағымды әсер сыйлады. Балалардың көбісі үшін бұл елордаға алғашқы сапар болды. Жаз мезгілінде Нұр-Сұлтанның көрікті жерлеріне 300 бала тегін барады. Құрамында жүз адам бар соңғы лек тамыз айында аттанады, – деп атап өтті мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі Данияр Сәбитов.