Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) келесі жылға арналған ұшу қауіпсіздігіне тексеру жүргізуге байланысты әмбебап бағдарламаны орындау жөніндегі электронды бюллетені шығарылды. Бұл құжатта ұйымға мүше мемлекеттердің авиациялық билік орындары мен ИКАО-ның алдағы кезеңдегі жоспарлы тексеру жұмыстары қамтылған, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.