«Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі отандық 10 анимациялық студиямен бірге түркітілдес елдерге ортақ ежелгі аңыздарға негізделген пилоттық анимациялық жобаның өндірісін бастады. Анимациялық альманахқа кіретін әр туындының хронометражы 5 минуттан асады, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі.