Ұлттық аккредиттеу орталығы аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу өлшемшарттарын сақтауына тұрақты негізде мониторинг жүргізеді. Жыл басынан бері анықталған бұзушылықтар нәтижесінде сәйкестікті растау жөніндегі органдар 41 сәйкестік сертификатының, 15 сәйкестік туралы декларацияның, 8 сынақ хаттамасының күшін жойды, бес аккредиттеу аттестаты кері қайтарып алынды: үшеуі – аккредиттеу саласының бөлігінде және екеуі толық, деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігі.