Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков Маңғыстау облысына сапары аясында  агроөнеркәсіп кешендеріне барды. Вице-министр Ақтауда салынып жатқан көтерме-тарату орталығында болды. Құны 3,5 млрд теңге болатын жоба 29 мың тоннаға дейін көкөністер мен жемістерді сақтай алады. Кешен келесі жылы ашылады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.