ҚР СІМ шет елдердегі мекемелері арқылы «қандас» мәртебесін алудың жаңа тетігін іске асыру жөніндегі пилоттық жоба шеңберінде «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша 656 отбасындағы 1997 этникалық қазақтан өтініштер қабылданды. Этникалық қазақтардың бұл өтініштері Қазақстанның солтүстік өңірлеріне жолданды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.