Ауғанстан Үкіметі мен бизнес өкілдерінің делегациясы Қазақстанға келеді. 2023 жылғы 3 тамызда Астанада алғашқы Қазақстан-Ауған бизнес-форумы, ал 4-5 тамызда Ауған тауарларының көрмесі өтеді. Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тұмыш пен сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев осы және екі ел арасындағы сауда-экономикалық, дипломатиялық және гуманитарлық қатынастардың болашағы туралы айтып берді.