ҚР Үкіметі электр көліктерге арналған инфрақұрылымды жақсарту бойынша шараларды қолдап келеді. ЭҚС-ның желісін одан әрі қарқынды дамыту үшін Үкімет биыл шілдеде 2029 жылға қарай республиканың ірі қалаларында электромобильдерге қажетті инфрақұрылымды құру жөніндегі Жол картасын бекітті, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.