ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғай министрі, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық жөніндегі ұйымдастыру комитетінің төрағасы Т. Дүйсенова аталған ойындарға дайындық бойынша отырыс өткізді. Онда Астана қаласы әкімдігі мен Мәдениет және спорт министрлігінің Астананың спорт инфрақұрылымының шараға дайындық деңгейі туралы ақпараты тыңдалды, деп хабарлайды Primeminister.kz.