Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының 63-ші концерттік маусымы ашылды. Оның басты іс-шараларының бірі – Джаз фестивалі. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында фестивальдің құрметті қонағы, әнші, Өзбекстанның халық әртісі Мансур Ташматов өз әсерімен бөлісті.