2023 жылдан бастап заңға өзгеріс енгізілуіне байланысты «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына 14 жастан бастап 35 жасқа дейінгі жас азаматтар үміткер бола алады. Бұл туралы ОКҚ алаңындағы баспасөз конференциясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Роллан Құспан мәлім етті.