ҚР Әділет министрлігі Digital Justice – цифрлық Әділет жобаларының портфелін іске асыруда. Оның шеңберінде 25 қыркүйекте іске қосылған «Цифрлық нотариат» жобасының арқасында бір айға жетер-жетпес уақыт ішінде 20 мыңнан аса сенімхат расталды. Бұл туралы әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы баспасөз конференциясында мәлім етті.