«Е-қызмет» ақпараттық жүйесін жаңғырту шеңберінде мемлекеттік қызметке кіру рәсімдерін автоматтандыру және цифрландыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Онлайн режимде конкурстық іріктеу өткізу мүмкіндігін қамтамасыз ететін жүйе порталы жұмыс істеп тұр. Бұл үміткерлерге кез келген уақытта әлемнің кез келген жерінен Мемлекеттік қызметке іріктеу процесіне қатысуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жолманов Орталық коммуникациялар қызметінде көрші елдердің мемлекеттік секторында мұндай жүйенің аналогы жоқ деп мәлімдеді.