Бұл күндері Брюссельде Еурокомиссия Президентінің, ЕО және серіктес елдер үкіметтерінің, қаржы институттары мен кәсіпкерлердің жоғары лауазымды өкілдерінің қатысуымен Global Gateway 2023 форумы өтіп жатыр. Іс-шара «жасыл» энергетика мен «жасыл» сутекке көшу, инфрақұрылымды, аса маңызды шикізат ресурстарын және көлік дәліздерін дамыту мәселелеріне арналған, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.