Елімізде қазан айының соңғы жексенбісінде Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні атап өтіледі. Бүгінде республикада әлеуметтік қорғау саласында 35 мыңнан астам адам еңбек етеді. Әлеуметтік кодекс аясында әлеуметтік қызметкерлердің мәртебесі өседі. Осы мақсатта оларды оқыту және оларға санаттар бере отырып, одан әрі сертификаттау көзделген. Ал 2025 жылдан бастап әлеуметтік қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі енгізіледі, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.