Қорғаныс министрлігі әскери борышын өтегендерге жоғары білім алу бойынша жеңілдік бөлудің алғашқы жылының қорытындыларын шығарды. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы баспасөз мәслихатында ҚР Қорғаныс министрлігі Аппаратының басшысы Ербол Құмарбекұлы мәлім еткендей, биылғы жылы конкурстық іріктеуге 2023 жылы әскерден босаған 2022 жылғы көктемгі және күзгі шақырулардың 29491 сарбазы қатысты.