Қазіргі уақытта жер қойнауын пайдаланушылар импорттайтын негізгі өнім түрлерін локализацияласа, өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпорындар өндірісін елеулі арттыруға қол жеткізуге болады. Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Амрин Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы баспасөз конференциясында хабарлады.