ҚР Көлік министрлігі Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе және Қарағанды әуежайларында арнайы экономикалық аймақтар енгізу мәселесін пысықтап жатыр. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ерекше экономикалық режим қажет болатын басқа да өңірлік әуежайларды анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.