Инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулына Шығыс Қазақстан облысынан жалпы құны 1,1 трлн теңге болатын 42 жоба енді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы есептік кездесуде аймақ басшысы Ермек Көшербаев мәлім етті. Үстіміздегі жылы 77 млрд теңгеге 8 жоба іске асырылып жатқанын айтқан аймақ басшысы Өскемен құс фабрикасындағы бройлер өндірісі мен май экстракция зауытының құрылысын атады.
Инвестициялық жобалар халық үшін және заңнама шеңберінде іске асырылуы тиіс – ШҚО әкімі
Тегтер:
сот төрелігі