Қазақстанда бизнеске берілген кредиттер көбейді. Бұған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері несиелерінің өсуі әсер етті. Нәтижесінде бизнесті кредиттеу көлемі 14,9%-ға ұлғайып, 10,4 трлн теңгені құрады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында отандық банк секторының биылғы 9 айдағы қызметінің нәтижелері туралы баяндаған ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов мәлім етті.