Бүгінде облыстағы 2 қала және 137 ауылдық елді мекенде газ бар. Яғни халықтың басым бөлігі көгілдір отынға қол жеткізді. Қараша айында Қызыл үй және Жасқайрат ауылдарына газ желісі тартылып, 102 шақырым газ құбыры жүргізілді. Нәтижесінде 300-ге жуық тұрғын табиғи газбен қамтылды. Бұл туралы өңір басшысы Серік Шәпкенов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеді.