2021 жылжың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда кезең-кезеңімен жалпыға бірдей декларациялау енгізілді. Мұндағы негізгі міндет сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономика деңгейін төмендету; жеке тұлғалардың кірістерін бақылаудың тиімді тетігін құру; әділ салық салуды қамтамасыз ету және әлеуметтік саясатты жетілдіру болып табылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде сөйлеген сөзінде ҚР ҚМ МКК өндірістік емес төлемдерді, жеке тұлғаларды және арнайы салық режимдерін әкімшілендіру департаментінің директоры Нұржан Қуандықов мәлімдеді.