Атырау облысының еліміздегі өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі үлесі 24%-ы құрайды. Өңір инвестиция тарту бойынша республикалық рейтингте көш бастап тұр. Атырау облысы 2023 жылды қандай нәтижелермен аяқтауда, басымдықтары мен перспективалары қандай – ОКҚ мен әкімдіктердің өтіп бара жатқан жылды қорытындылауға арналған бірлескен жобасының шеңберінде ұсынып отырған кезекті материалда Қазақстанның «мұнайлы аймағы» туралы баяндаймыз.