Жаңа жылдық мерекелерді өткізу кезіндегі басты міндет – халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өйткені бұл қауіптіліктің жоғары кезеңі болып табылады. Орталық коммуникацяилар қызметінің алаңында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова осылай деп мәлімдеді. Спикер мұндай шараларды ұйымдастырушылар мен азаматтарды жаңа жылдық іс-шараларды өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері талаптарын сақтауға шақырды.