Жаңа жылдық мерекелер кезінде түрлі қауіпті пиротехникалық құралдың түр-түрі қолданылады. Оларды қолдану өрттің шығуына ғана емес, сонымен қатар жарақат алуға және өлімге әкелуі мүмкін.  ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Рамиль Камаловтың айтуынша, полиция қызметкерлерімен бірлесіп, сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдарды рұқсат құжаттарынсыз заңсыз саудалау фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған пиротехникалық бұйымдар айналымының белгіленген ережелерінің сақталуын бақылау бойынша жұмыс басталды.