Қостанай облысында алдағы 5 жылда мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін 1329 нысанды бейімдеу қарастырылған. Қазіргі уақытта 2023 жылға бейімдеуге жоспарланған 266 объектінің ішінен жергілікті атқарушы органдар барлық 266 объектіде бейімдеу іс-шараларын жүргізді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.