2024 жыл жауапты жарыстарға толы болмақ. Биыл еліміздің спортшылары әртүрлі деңгейдегі 765 халықаралық, 631 республикалық жарыстарға қатысады. Жыл Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтетін IV Жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындарынан басталады. Бұл жайлы ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Бектенова Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында мәлімдеді.