Қазақстанда қысқы спорт түрлерін дамытуға потенциал бар. Алайда еліміздің барлық облысы оған сүбелі үлес қосып жатқан жоқ. Мәселен, суық өңірлер қысқы жарыстарға 1 спортшыдан ғана жіберген. Олимпиадалық ойындарға дайындық бойынша штаб жетекшісі Елсияр Қанағатов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында осындай мәлімдеме жасады.