2021 жылдан бастап Қазақстанда «Сенімен Болашақ» РҚБ жұмыс істейді. Оның негізгі қызметі қоғамда саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ жауапкершілікті арттыру, балаларды тәрбиелеу, сонымен бірге Қазақстан ата-аналарының психологиялық-педагогикалық білімін арттыру болып табылады. Еліміздің 16 өңіріндегі филиалдар ата-аналардың тұтас қауымдастығын білдіреді. Миссия мен идеяны жақтайтын 135 мың қазақстандық бар. Әртүрлі саладағы 250-ден астам сарапшы қоғамдық бірлестікке көмектесіп, қолдау көрсетеді.