Полиция жергілікті атқарушы органдармен, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен, еріктілермен және күзет құрылымдарымен өзара іс-қимыл жүргізеді. Жақында қоғамдық көліктердегі оқиғалар жиілеп кеткендіктен, тәртіп сақшылары «Тасымалдаушы» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізді. Оның басты мақсаты – кез келген қоғамдық көліктегі құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділік орнату және жолаушылар мен жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл жайлы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР ІІМ ӘПК төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді.