Алматы қаласында 2024 жылдың 1-3 ақпан аралығында «Digital Almaty-2024»: «Х индустриясы – Болашақтың цифрлық эволюциясы» атты цифрлық форумы өтпек. Бұл жайында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық технологиялар саласын дамыту департаментінің директоры Ерсұлтан Ерманов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында хабарлады.