2024 жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында 5-ші сағаттық белдеу (UTC +5) қолданылады. Медицина, физиология, география, метрология салаларының мамандары былтыр жыл бойы Қазақстан аумағында қолайлы уақыт белдеуін белгілеу мәселесін зерттеп, осындай шешімге келген, деп хабарлайды Primeminister.kz.