Мемлекеттік қызмет істері агенттігі қабылдаған шешімдер адами факторды жоюға бағытталған. Жылдан-жылға бұған дейін қолданылған іріктеу процесі сыни пікірге ұшырайтын. Өйткені барлық шешімді комиссия мүшелері қабылдаған және олар сол мемлекеттік орган басшыларына тәуелді болған. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында осылай деді.