Жаңадан іске қосылған «EcoQolday» автоматтандырылған жүйесінің қызметі Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен, ал тарифтер Үкіметтің қаулысымен бекітілген. Саладағы қызмет заңнамамен қатаң реттеледі және «Жасыл даму» АҚ осы бағдарлама операторының функцияларын жүзеге асырады. Бұл туралы «Жасыл даму» АҚ басқарма төрағасы Ержан Сәрсенбай Орталық коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеді.