Елімізде жыл сайын дәстүрлі түрде оқушылардың қабілеттерін анықтауға, дамытуға бағытталған 50-ден аса зияткерлік-шығармашылық шаралар ұйымдастырылады. Оған 1,7 миллоннан астам оқушы қатысып келеді. Оқушылар республикалық пәндік олмипиадаларға ғана емес, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі олимпиадаларға да қатысып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуде. Бұл жайлы ҚР ОАМ Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында мәлім етті.