ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия «Astana Hub» халықаралық технопаркімен және «Techno Women» коммерциялық емес ұйымымен бірлесіп, 16 жастан 25 жасқа дейінгі қыздарға арналған «Tech Girls» бағдарламасының іске қосылғаны туралы хабарлайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі Әзиза Шөжеева мәлімдеді.