«Қазгидромет» болжамына сәйкес, 7-9 ақпанда Қазақстанның көптеген өңірінде дауыл мен екпіні секундына 30 метрден асатын қатты жел басым болды. Әрі қарай циклон Қазақстаннан тыс жерлерге ауыса бастайды. Қолайсыз ауа райы салдарынан 11 өңірде электр жабдықтарды апаттық ажырату және шатырдың жарылуы деректері тіркелген. Оларды қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. 13 өңірде республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда блок-бекеттер қойылып, көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектеулері енгізілді. Өткен екі күнге қатысты деректерді ТЖ министрі Чингис Аринов хабарлады.
Ауа райының қолайсыздығы салдарынан 7-9 ақпанда елдің уақытша орналастыру пункттерінде 5 мыңнан астам азамат болды
Тегтер:
сот төрелігі