Туризм және спорт министрлігі операторға лотерея өнімдерін жақсарту бойынша ұсыныстарды тұрақты негізде жолдайды. Бұл ұсыныстар азаматтардың өтініштері, Парламент депутаттары, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының сауалдары негізінде қалыптастырылады. 2023 жылы азаматтар ведомствоға лотерея операторы мен оның серіктестерінің қызметіне қатысты 36 өтініш жолдады. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев айтты.