Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2024 жылдан бастап «Ұлттық қор – балаларға» жобасы іске асырылады бастады. Бұл «Жаңа Қазақстанды» құру мен экономиканың іргелі заңдылығы ұлттық байлықты әділетті бөлуге бағытталған алғашқы қадам деп айтуға болады. ҚР Қаржы министрлігі Бюджеттік кредиттеу, ҚР Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінің директоры Айбол Арғынғазинов ОКҚ алаңында осылай деді.