Әскери колледжге оқуға түсетін жылы 15 жасқа толған, бірақ 17 жастан аспаған, 9-шы сыныпты аяқтаған жасөспірімдер қабылданады және оқу мерзімі 2 жыл 10 айды құрайды. Бұл жайлы Астана Астана қаласындағы Әскери колледжінің бастығы полковник Ғазиз Түлеушев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында хабарлады.