ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының алаңында экономикалық клубтың кезекті отырысында ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі (СЖжРА) әзірлеген «Қазақстан-2029» Ұлттық даму жоспарының жобасы талқыланды.  Экономикалық клубтың төрағасы – ҚР Ұлттық Банкінің басшысы Тимур Сүлейменов құжат салыстырмалы түрде жақында жарияланды, сондықтан сындарлы ұсыныстар маңызды болып табылатынын атап өтті.