2023 жылдың қорытындысы бойынша 4 081 млрд теңге сомасында кедендік төлемдер мен салықтар түсті. 2021 жылмен салыстырғанда түсімдердің өсу қарқыны 78%-ға ұлғайды, ал 2022 жылмен салыстырғанда ұлғаю 18%-ды құрады. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Кедендік бақылау департаментінің директоры Елдос Саудабаев ОКҚ алаңында мәлімдеді.