IDC бағалауы бойынша былтыр жасанды интеллект шығындары 154 миллиард долларға жетті, оның ішінде бағдарламалық қамтамасыз ету, аппараттық құралдар және мамандандырылған қызметтер бар. Жыл сайын бұл көрсеткіш үштен бір бөлігіне өседі. Себебі, оның экономикалық тиімділігі айқын байқалады. Bloomberg Intelligence мәліметтеріне сәйкес, генеративті жасанды интеллект нарығы шамамен 50 миллиард долларды құрады. Бұл туралы ОКҚ-да «Цифрлық үкіметті қолдау орталығының» бас директоры Рүстем Биғари айтты.