Су тасқыны басталғалы бері азаматтық қорғаныс қызметкерлерімен 62 мыңға жуық адам, оның ішінде 15 мыңнан астам балалар және 45 мүмкіндігі шектеулі азаматтар қауіпсіз жерлерге жеткізілді. Уақытша орналасу пункттеріне 13 мыңнан астам адам оның ішінде 6800-ге жуық бала эвакуацияланды. Бұл туралы ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы Қахарман Оразалин ОКҚ брифингінде мәлім етті.