Батыс Қазақстан облысының аумағындағы су тасқыны бойынша 7 – сәуір сағат 00.00-ге дейінгі жедел жағдай: 581 тұрғын үй мен олардың аула аумағы су астында қалды. Одан бөлек, 245 аула аумағы су астында қалды, 427 саяжай үйі су астында қалды; автожолдардың 70 учаскесінде су тасқыны болды; жол төсемінің 60 шайылуы болды; 10 елді мекен көліктік қатынассыз қалып отыр.