1- сәуірден бастап су тасқынына байланысты БҚО-да төтенше жағдай жарияланған болатын. Қазір қауіп әлі сейілмеді. Бүгінгі күні су тасқынының алдын алу және авариялық жұмыстары өз жалғасын табуда. Қазіргі күнге облыс бойынша 7039 адам эвакуацияланды, оның 3538-і - балалар. Облыс бойынша 161 эвакуациялық пункт жұмыс жасап жатыр. Онда мыңнан астам адам орналасқан. Қалғандары туысқандарында орналасты. Бұл туралы БҚО ТЖД Ақпараттық-аналитикалық тобының аға инженері, азаматтық қорғау лейтенанты Нұржан Төлеуіш ОКҚ алаңында хабарлады.