Соңғы екі-үш күндікте Қарғалы су қоймасында жауын-шашынның әсерінен судың деңгейі көтерілген болатын. Кеше жергілікті атқарушы органдар Қарғалы қоймасын толық аралап шықты. Судың деңгейінің түсуі байқалады. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев ОКҚ брифингінде мәлімдеді.