Осы сағатта азаматтық қорғау қызметтерімен 88 мыңға жуық адам, оның ішінде 30 мыңға жуық бала құтқарылды және эвакуацияланды. Қазіргі уақытта уақытша орналастыру пунктерінде 7 мыңнан астам адам, оның ішінде 3 700 бала орналастырылған. 4 800 адам өз үйлеріне оралды. 82 315 ауылшаруашылық жануарлары қауіпсіз жерге айдалды. Бұл туралы ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Сайпаш Ерасыл ОКҚ алаңында өткен брифингте хабарлады.